• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Тамыз, 2021

ҚР Президенті Кубогына қатысушылардың құрамы өзгерді

261 рет
көрсетілді

Динамо (Рига) ХК 2021 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына қатысудан бас тартуына байланысты турнирге қатысушылар құрамы мен оның форматын өзгерту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz  Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

11 тамызда ҚР Президентінің Кубогы үшін «Барыс», «Куньлунь», қарағандылық «Сарыарқа» және өскемендік «Торпедо» жарысатын болады. Алдын ала кезеңде командалар бір айналымда ойнайды. Одан кейін топтық турнир қорытындысы бойынша бірінші және екінші орын алған екі ұжым финалдық кездесуде ойнайды.

Сондай-ақ, үшінші орын үшін де кездесу өтеді. Шешуші матчтардың өткізілуі 15 тамызға жоспарланған. Алдағы КТРК матчтары көрермендердің трибунаға кіруінсіз өтетініне назар аударған жөн.

«Өкінішке орай, ригалық «Динамо» басшылығы биыл ҚР Президенті Кубогына қатыспау туралы шешім қабылдады. Мәселе мынада, қазіргі уақытта барлық Динамо ойыншылары вакцинацияның толық курсынан өткен жоқ. Бұл Латвияға оралған спортшылар 14 күндік өзін-өзі оқшаулауға кетуі керек дегенді білдіреді. Сондықтан біз ҚР Президентінің кубогына екі қазақстандық команданы шақыруды жөн көрдік. «Сарыарқаның» және «Торпедоның» басшылығына оң жауабы үшін алғысымды білдіргім келеді», деп түсіндірді «Барыс» президенті Борис Иванищев.

Ойындар күнтізбесі:

11 тамыз (сәрсенбі)

15:00 «Торпедо» - «Куньлунь Ред Стар»

19:30 «Барыс» - «Сарыарқа»

12 тамыз (бейсенбі)

15:00 «Сарыарқа» - «Торпедо»

19:30 «Куньлунь Ред Стар» - «Барыс»

13 тамыз (жұма) демалыс

14 тамыз (сенбі)

12:00 «Куньлунь Ред Стар» - «Сарыарқа»

17:00 «Барыс» - «Торпедо» 15 тамыз (жексенбі)

12:00 үшінші орын үшін матч

17:00 Финал