Экономика 10 Тамыз, 2021

Доллар қайта арзандады

206 рет
көрсетілді

Доллар теңгеге қатысты тағы төмендей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz KASE Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,55 теңгеге төмендеп, 425,87 теңгені құрады.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 425,24 теңге, ал сатылымы - 426,75 теңге. Нұр-Сұлтанның валюта алмастырғыштарында долларды орта есеппен 425,23 теңгеден сатып алып, 426,35 теңгеден сатады.

Ұлттық Банктің 10 тамыздағы ресми доллар бағамы 426,38 теңгені құрайды.