Атырау облысына тағы да Спутник V вакцинасының 19 мың 350 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Ақтөбеден аймақтық фармацевтикалық қоймаға жеткізілген дозаның бәрі сертификатталған.
«Ресейлік Спутник V вакцинасының 19 350 дозасы 41 егу бекетіне таратылады. Өйткені, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялаудың күнделікті жоспарына өзгерістер енгізілді. Қазір күніне вакцина алатын адамдардың саны 1050-ден 3500-ге дейін артты», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.