• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 11 Тамыз, 2021

Елордалық алаяқ экономистің 3 миллион теңгесін қолды қылды

567 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда ақтөбелік экономисттің 3 миллион теңгесін ұрлаған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері хабарлағандай, 2020 жылдың тамыз айында Нұр-Сұлтанның 27 жастағы тұрғыны бизнестегі үлесін беру сылтауымен Ақтөбедегі мұнай компанияларының бірінің экономисіне тиесілі 3 миллион теңгені иемденген.

Сондай-ақ алаяқтықтың тағы бір жағдай тіркелді. 43 жастағы әйел полицияға жүгініп, танысы оны алдағанын айтқан. Жәбірленушінің айтуы бойынша, танысы оған құрылыс материалдарын жеткізуге уәде беріп, 3 миллион теңге көлеміндегі қаражатын алып алған. Алайда, ол құрылыс материалдарын да, ақшасын да қайтармаған.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Көптеген азаматтар пайда табу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын ұмытып кетеді. Мұндай жағдайларда азаматтар өте мұқият болу керек, нотариалдық ресімдеусіз ақшалай операциялар жасамау керек», деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.