• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Білім 11 Тамыз, 2021

Сабақ арасындағы үзілістер бұрынғыдай болмайды

3229 рет
көрсетілді

Бұл туралы Tengrinews.kz порталының тікелей эфирінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дәстүрлі оқыту форматына көшу – қажетті шара. Ата-аналардың, мұғалімдер мен мектеп оқушыларының басым көпшілігі бұл жаңалықты көптен күтті. Жақында ведомствоаралық комиссия жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастауға болады деген шешім қабылдады», деді Білім министрі.

Асхат Аймағамбетов офлайн формат балабақшаларға, колледждерге, жоғары оқу орындарына да қатысты екенін атап өтті.

«Балалардың қауіпсіздігі – біз үшін маңызды мәселе. Біз қажетті ұйымдастырушылық дайындықты қамтамасыз етуіміз керек. Санитарлық шектеулер, ең алдымен, маска режимі. Екіншісі – кварц режимі, дезинфекция. Үшіншісі – сыныптың бір ғана кабинетте болуы, яғни кабинеттік жүйе жойылады. Бір сынып бекітіліп, үзіліс әр түрлі уақытта болады», деп түсіндірді ҚР Білім министрі.