• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Тамыз, 2021

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны өсті

211 рет
көрсетілді

Алматы облысы бойынша соңғы тәулікте коронавирусты 300 адам жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өсу қарқыны – 0,8%, оның ішінде 262 симптомдық, 38 симптомсыз жағдай. КВИ анықталған 300 жағдайдың 41-і 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 24 жағдай, студенттер арасында 1 жағдай тіркелді.

Облыс өңірлері арасында КВИ сырқаттанушылығы: Ақсу-2, Алакөл–17, Балқаш–10, Еңбекшіқазақ-27, Ескелді–13, Жамбыл–12, Іле-35, Қарасай-10, Қаратал-9, Кербұлақ-10, Кеген-5, Көксу-6, Панфилов–9, Сарқан-2, Талғар–24, Ұйғыр–10, Қапшағай қаласы-5, Талдықорған қаласы–83, Текелі қаласы-11.

Барлығы 29 051 пациент шығарылды, тәулігіне стационардан 59 пациент шығарылды, үйден оқшаулаудан 47 адам алынды.

«Жалпы 13 тамыздағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 36 123 жағдай тіркелген, оның ішінде 24 477 симптомдық белгілері бар. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1690,0 құрады КВИ өсу қарқыны соңғы 2 апталық салыстыру кезінде бір деңгейде қалып отыр - 0,9%», делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.