Атырауда өзге өңірден келіп, жұмыс істейтіндер көп. Соның бірі – Түркістан облысының тұрғыны Байқоныс Сәрсембаев, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Вакцина сал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!» ақшалай ұтысы төрт рет ойнатылды. Ұтысқа ие болғандардың ішінде екі адам 3 млн, ал, өзгелері 200 мың теңгені иеленді.
«Қазақта «Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес» деген нақыл бар ғой. Вахталық жұмысқа барар алдында өз денсаулығымды ойлап, вакцинаны Атырауда салдырған едім. Бірақ, ақша ұтамын деген ой болған жоқ. Дегенмен, қай кезде де ақша артық етпейді ғой», дейді Байқоныс Сәрсембаев.