• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Хоккей 15 Тамыз, 2021

«Барыс» ҚР Президенті кубогының иегері атанды

234 рет
көрсетілді

«Барыс» финалда Қарағандының «Сарыарқа» командасымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Кездесудің алғашқы он минутында елордалық клуб қарсыластар қақпасына үш шайба соқты.  Оны 4-минутта Кертис Волк, 6-минутта Егор Шалапов, 9-минутта Мэттью Фрэттин салды.

«Сарыарқа» хоккейшілері де қарап қалған жоқ. Степан Грымзин мен Сергей Голоднюк таразы басын теңестірді.

«Барысқа» жеңіс әкелген ұпайды 33-минутта Якоб Лилья, 39-минутта Даррен Диц, 49-минутта Егор Петухов, 59-минутта Роман Старченко соқты.

Осылайша елордалық клуб қарсыласын 7:3 есебімен жеңіп, ҚР Президентінің кубогына ие болды.

«Сарыарқа» – екінші орын, Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасы үшінші орынды еншіледі.  

Ал өскемендік «Торпедо» төртінші орынды місе тұтты.