Атырау облысында вакцинаның екі компонентін салдырғандардың саны 119 429 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық басқармасының ақпаратына сүйенсек, 15 тамызда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинасының І компонентін 593, ал, ІІ компонентті 466 адам салдырған.
«Биылғы 1 ақпан мен 15 тамыз аралығында 164 320 атыраулық вакциналардың I компонентін ектірді. Вакциналардың ІІ компонентін салдырғандар саны 119 429 адамға жетті», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.