Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 563 жағдайы тіркеліп, 19 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ коронавирус пневмониясынан 221 адам жазылды. 2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен 66381 адам ауырып, 4111 адам қайтыс болды.
Ал жазылып шыққандар саны 57171-ді құрап отыр.