Мұнайлы өңірде вакцина салдыру көрсеткіші әлі төмен. Мәселен, 17 тамызда вакциналардың ІІ компонентін салдырғандар саны 122 222 адамға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі ақпаратына қарағанда, 17 тамызда 3 776 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған.
«Оның ішінде вакцинаның І компонентін 2 205 атыраулық, ал, ІІ компонентін 1 571 адам салдырды. Биылғы 1 ақпаннан бері вакциналардың І компонентін салдырғандардың саны 168 474 адамға жетті. Вакциналардың ІІ компонентін алғандар 122 222 адамды құрап отыр», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.