Күдікті оқу ордасынан 9 ноутбук, 3 планшет, 3 вебкамера және 3 құлаққап ұрлаған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, биыл 17 тамызда облыс орталығындағы учаскелік полиция инспекторына жергілікті мектептердің бірінің директорынан арыз түсті.
Директордың сөзінше, биылғы жылғы тамыздың 13-15 күндері аралығында мектептен 9 ноутбук, 3 планшет, 3 вебкамера және 3 құлаққапты белгісіз біреу қолды қылған. Келтірілген шығын көлемі 1,4 миллион теңгеден асады.
«Жедел іздестіру шарасы барысында мектептің үш күзетшісінің бірі ұсталды. 28 жастағы ер адам қылмысын мойындады», деді ведомстводан.
Қазіргі кезде, осы қылмысқа қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабының 1-ші бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.