Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 339 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
2020 жылдың 13 наурызынан бері 67141 ауырып, 4174 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 57455 адам.
Бүгінгі таңда аталмыш дерттен 131 адам жазылып шықса, 45 адам көз жұмды.