• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Тамыз, 2021

Павлодарлықтар Маңғыстауға гуманитарлық көмек жіберді

216 рет
көрсетілді

Мал азығы алдын ала дайындалған, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.

Павлодар облысының шаруалары қуаңшылықтан зардап шеккен өңірге көмек көрсетуге бастаманы өздері көтеріп отыр. Олар шөпті жіберетін орынды анықтауды волонтёрлерге тапсырыпты. Ұйымдастырушылар жергілікті фермерлердің ұйымшылдығына тәнті болғандарын жасырмады. Қысқа мерзімде шабылған 250 тонна шөп жиналыпты. Гуманитарлық жүк ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен Маңғыстау облысына екі аптада жетуі тиіс.

«Біздің еріктілер вагондарға тиеп жатқан болса Маңғыстау облысындағы дәл осындай қабылдап алатын, яғни бөлу және түсіру жұмыстарымен айналысатын еріктілермен тікелей хабардамыз. Ол кісілерге осындай шөп дайындап жатқанымызды айтқан болатынбыз. Ол жақта да күтіп отыр», деді волонтерлердің аймақтық фронт-кеңсесінің жетекшісі Еркебұлан Күнтуған.