18 тамыз күні полицияға облыс орталығының тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, әпкесі Елена Мазитова 9 тамыздан бастап із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Өскемен қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыстан кейін үйге оралған тұрғын әпкесінің үйде жоқ екенін білген. Содан бері ол отбасына оралмаған.
Сондай-ақ, туысы Елена Мазитова ПНД-де есепте тұрғанын және оны адасып кетуі де мүмкін екенін айтты.
«Елена Мазитованың бойы 165-170 сантиметр, беліне дейін жететін ұзын, қара шашты, қоңыр көзді. Жоғалған күні ұзын жеңде қара жемпір, ашық-қоңыр белдігі бар көк джинсы және қара қысқа етік киген», деді Өскемен қаласы ПБ баспасөз қызметі.
Егер Еленаның қайда екенін білетін немесе оны көрген адам болса 8-771-466-54-38 немесе 102 жедел арнасына хабарлай алады.