• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 24 Тамыз, 2021

Қазақстанда электронды сауда үлесі артып келеді

622 рет
көрсетілді

2025 жылға қарай елде электронды сауданың үлесі 809 миллиард теңгеге жетеді. Еуромонитор сарапшылары осындай болжам жасады, деп жазады Egemen.kz Ұлттық статистика бюросының ресми сайтына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, цифрлық экономикаға көшу прцесі соңғы бес жылда қарқынды дамып келеді. Коронавирус пандемиясының кең таралуы электронды сауда мөлшерінің өсуіне айтарлықтай ықпал етті. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр бөлшек сауданың 4,1 проценті цифрлық жүйе арқылы жасалған. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,2 есе көп. Көтерме саудада осындай жағдай. Қазақстандықтар интернет арқылы көбіне электронды тауарлар, киім-кешек сатып алады екен.

Халықтың цифрлық төлемге жедел көшуіне банктердің мобильді қосымшалары серпін берді. Мәселен, Қазақстанда онлайн төлемнің 83 проценті осындай қосымша арқылы жасалған. «eMarketer» сарапшыларының болжамы бойынша, биыл әлемде онлайн сауда жасаушылар саны 2 миллиардтан асады.