• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Тамыз, 2021

Алматыда 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

181 рет
көрсетілді

Алматыда коронавирус жұқтырған 6 021 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

24 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 590 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1 515, симптомсыз 75 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 676, келіп түскені – 667.

«Инфекциялық стационарларда 6 021 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 169 бала емделуде», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 467 адам жатыр. Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 188 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 223 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 12 868 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 369 науқас. 499 науқаста коронавирус белгісі жоқ.