Қазақстандық оқушылар халықаралық пән олимпиадасында 2 алтын, 13 күміс және 11 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық оқушылар халықаралық пән олимпиадасында 2 алтын, 13 күміс және 11 қола медаль еншіледі. Білім бәйгесі онлайн форматта ұйымдастырылды.
Әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам оқушы бақ сынасты. Нәтижесінде 26 отандасымыз биология, информатика, география, физика-математика сындарында жүлделі болды. Жүлдегерлер мен мұғалімдерге бағалы сыйлықтар табысталды.
Еске салайық, өткен жылы осы жарыста 16 оқушымыз жүлделі орындардан көрінген еді.«Әлемнің ең мықты университетіне жолдама алды. Олар академиялық жетістіктеріне мән береді. Орын алған балаларды кеше ғана министр Асхат Аймағамбетов марапаттады, облыс әкімдері де марапаттап жатыр. Мұғалімдерімізге, оқушыларымызға Дубайда 5 жұлдызды қонақ үйге жолдама беріп жатырмыз», деді «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте.