• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2021

Жарылыс кезінде жоғалып кеткен 2 жасар бала табылды

429 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында орын алған жарылыс кезінде жоғалып кеткен 2 жасар бала аман-сау табылып ата-анасына тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«27 тамыз күні сағат 10:15 шамасында Байзақ ауылында 5513 әскери бөлімі қызметкерлері патруль кезінде қатардағы әскер Н.Сақтапберген шамамен 2 жасар баланы байқап қалады. Қасында ата-анасы болмаған. Іздеу шарасы нәтижесінде баланың ата-анасы табылып, аман-есен тапсырылды», делінген хабарламада.

Өз кезегінде баланың ата-анасы әскерилерге алғысын білдірген.