• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 31 Тамыз, 2021

Еуропаның 33 елінде коронавирус өршіді

139 рет
көрсетілді

Соңғы 2 аптада Еуропаның 33 елінде коронавирус жұқтыру деңгейі күрт көтерілді, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросының директоры Ханса Клюге мәлімдеді. Оның айтуынша, тағы бір алаңдататын мәселе – екпе салдыру ісінің баяу жүріп жатқандығы. Осыған байланысты ковидтен көз жұмғандар қатары да артып барады. Болжам бойынша, қысқа қарай аталған індеттен 230 мыңнан астам адам көз жұмуы мүмкін. Сарапшылар коронавирустың өршуіне «Дельта» штамының тез таралуы басты себеп дейді. Сондай-ақ мутацияның белең алуына карантиндік шектеулердің жеңілдеуі мен жазғы демалыстар да қолайлы жағдай туғызған.