• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 31 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда вакциналанғандар арасында өтетін пәтер ұтысының уақыты ұзарды

175 рет
көрсетілді

Елорда тұрғындарының өтінішін ескере отырып, вакцинацияланғандар арасында өтетін екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойынының уақыты ұзарды. Осылайша 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында (28 қыркүйек күнін қоса алғанда, бұрын 31 тамыз болған) Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандардың екі бөлмелі пәтер ұтып алу мүмкіндігі бар. Ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатыса алады, деп жазады Egemen.kz  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Ұтыс ойынына қатысу автоматты, арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді.

Елорда әкімдігі апта сайын вакцина алғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізіп келді. Вакцинацияланғандардың арасында соңғы үлгідегі iPhone телефонының 19 данасы, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, Алиса ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш және т.б. ойнатылды. Бұдан бөлек, вакцинацияланғандар арасында бағалы жүлделердің ұтыс ойынын екпе пункттері орналасқан СОО және СҮ өткізеді.

Сондай-ақ, «MEGA Silk Way» СОО-дағы вакцинация пунктінде 23 маусым мен 31 тамыз аралығында екпенің бірінші компонентін алғандар арасында автомобильдің ұтыс ойыны өтеді.

Birge (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол вакцинацияланғандардың ID-нөмірі арқылы жүлде иелерін таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары жұртшылықты вакцинациялауға ынталандыру, осылайша өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады.