• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 01 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда 380 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды

1145 рет
көрсетілді

2021-2022 оқу жылында ел мектептерінде 3,6 млн бала білім алады. Оның 380 мыңға жуығы бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың орталық коммуникацилар қызметінде айтқан мәліметі бойынша, жаңа басталған оқу жылында 7 400 мектепте 3,6 млн оқушы дәстүрлі форматта сабақ оқып бастайды.

Оның ішінде 380 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын бірінші рет аттап отыр. Ал оқу жылының аяғында үлкен өмірге қадам басатын түлектер саны –165 мың.

Жыл бойында 3,6 млн оқушыға жалпы жиыны 367,7 мың мұғалім білім береді. Оның ішінде 12 мыңнан астам мұғалім ұстаздық еңбек жолын енді бастағалы отыр. Ұлттық білім беру деректері бойынша, елімізде 3 ауысыммен білім беретін 300-ден астам мектеп бар. Бұл елдегі барша мектептердің 5 пайызына тең. Басқаша айтсақ, оқушылардың 19 пайызы үш ауысыммен оқуға мәжбүр.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, тәуелсіздік жылдары қазақ тілінде оқытатын 965 мектеп іске қосылып, жалпы саны 3733-ке жеткен. Бұл жалпы мектептердің 54%-на тең. 1991 жылы қазақ мектептерінің саны 2768 болатын. 30 жылда қазақ тілінде білім алатын балалардың үлесі 32 %-дан 66 %-ға артқан.

Биыл мектеп қабырғасында білім алатын 3,6 млн баланың 2 223 455-і мемлекеттік тілде сабақ оқиды деген сөз. «Ана тілінде оқитын ұлты қазақ балаларының саны бүгінгі таңда 85%-ды құрайды. Мектеп жасындағы ұлты қазақ балалардың саны - 2 568 068. Олардың 2 173 141-і қазақ тілінде оқиды», делінген ведомствоның мәліметінде.