• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 01 Қыркүйек, 2021

Pfizer вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркелді

693 рет
көрсетілді

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі елде уақытша тіркелген вакциналар тізіміне Pfizer-BioNTech Comirnaty «Комирнати» вакцинасын қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Комирнати» вакцинасына 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-анасының келісімі бойынша 12 жастан асқан балаларға екпе егу жоспарланғанын айтты.

Бұл ретте департамент мәліметінше, вакцинация әлі басталмаған. Нақты уақыты кейінірек хабарланады.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, Қазақстанда бірінші компонентті 6 669 969 адам, екінші компонентті 5 438 316 адам салғызған.