Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Mu деп аталатын жаңа Covid-19 штаммын зерттеп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Коронавирустың жаңа штаммы B.1.621 ғылыми атауымен белгілі болып, «қызығушылық тудыратын нұсқа» ретінде жіктеледі, деп хабарлады ДДҰ.
Колумбияда жаңа штамм алғаш рет 2021 жылдың қаңтарында тіркелді. Бүгінгі таңда аймақтағы барлық жаңа жағдайлардың 39%-ы аталған мутациямен байланысты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау органы бұл штаммда Сovid-19 вакциналарына қарсы тұру қаупін көрсететін мутациялар бар деп мәлімдеді.
Айта кетсек, Mu штаммы ашылғаннан бері оны жұқтыру жағдайлары Оңтүстік Америка мен Еуропада тіркелген.