• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Экология 05 Қыркүйек, 2021

Қарағанды облысында киік атқан браконьер ұсталды

453 рет
көрсетілді

Екі киікті мотоциклге теңдей артқан 30 жастағы ер адам Жаңаарқа ауданына қарасты Ералиев ауылының маңында қолға түскен. Тексеріс барысында мотоциклдің қорабынан киікпен қоса оқдәрі мен қару да табылды. Аңшы мылтығы тіркелмеген болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

- Полиция қызметкерлері мен учаске жедел алдын алу шарасы кезінде 30 жастағы азаматтың басқаруындағы ИЖ мотоцикл көлігі тоқтатылды. Көлікке жүргізілген тексеру барысында оның ішінен екі киіктің өлексесі және тіркелмеген қару тәркіленді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде, - дейді Қарағанды облыстық ПД Баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.