• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қыркүйек, 2021

Түрмедегілер жерді қасықпен қазып қашып кеткен

230 рет
көрсетілді

Израиль билігі Гольбоа жотасындағы түрмеден қашқан алты тұтқынды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тұтқындар бірнеше ай бойы өздері отырған камерадан қасықпен жер асты жолын қазған.

Қашқындардың арасында бірнеше Израиль азаматтарын өлтірді деп айыпталған Захария Збейди бар. Ол «Әль-Акса бригадасының» лидері. Қалған бесеуі – «Ислам жиһады» қозғалысының мүшелері. Бәрі өмір бойы түрме жазасына кесілген.

«Шин Бет» қауіпсіздік қызметі олар түрмеге заңсыз кіргізілген мобилді телефонмен сырттағы адамдармен байланыста болған деп есептейді. Тунель сыртында оларды көлік күтіп тұрған деп болжайды.

Қазір Израильде тұтқындарды ұстау операциясы жүріп жатыр. Билік олар Иорданияға өтіп кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Себебі, қазылған тунель мен Иорданияның арасы 14 шақырым.