• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Қыркүйек, 2021

Сенат Есеп комитетінің мүшесін қызметінен босатты

314 рет
көрсетілді

Сенаттың жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Сенат тағайындаған мүшесі Талғат Жақанның өкілеттігі тоқтатылып, лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол бұл қызметті 2016 жылдан бері атқарады. 31 тамызда ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босату туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атына өтініш берді.

«Қаржы және бюджет комитеті Сенат регламентінің 81-1 тармағын басшылыққа ала отырып, өкілеттіктерді тоқтатуды және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Жақан Талғат Амангелдіұлын қызметінен босатуды ұсынады», деді Сенат депутаты Ольга Перепечина.