Алматы әуежайында көлік полицейлері криптовалюта өндіруге арналған қымбат жабдық ұрланғанын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы әуежайында аса ірі көлемде ұрлық жасаған бортсерік анықталған. Ол Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаумен айналысатын әуекомпаниялардың бірінде жұмыс істеген.
«Соталды тергеу барысында, бортсерік әуе кемесінің жүк қоймасынан криптовалюта өндіруге арналған жабдықты бірнеше рет ұрлағаны анықталды», деді көлік полициясы өкілі.
Олардың айтуынша, жалпы шығын көлемі 27 миллион теңгеден асқан. Соталды тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жіберілген.