• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 14 Қыркүйек, 2021

Испания COVID-19-ға қарсы вакцина шығарады

291 рет
көрсетілді

Испания қазан айынан бастап өзінің COVID-19-ға қарсы вакцинасын шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz The Local-ға сілтеме жасап.

Испанияның ғылым және инновация министрі Диана Морант Hipra фармацевтикалық компаниясы жасаған вакцинаны қолдану келесі жылдың басында басталуы мүмкін деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде өндіріске дайындық процесі ойдағыдай жүріп жатыр.

Морант бұл препаратты сапалы деп атап, коронавирустың әр түрлі штамдарын ескере отырып жасалғанын және оларға қарсы жақсы нәтиже көрсететінін айтады.

Hipra компаниясы ветеринарлық саладан шығып, адамдарға Сovid-19 пандемиясының салдарын жеңілдету үшін дәрі-дәрмектер мен вакциналар шығаруға қайта бағытталғанын атап өтті. Оның коронавирустық вакцинасы рекомбинантты ақуыз (rDNA) технологиясын қолданады.

Қазір Испанияда Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі мойындаған вакциналар қолданылады. Олар: Johnson & Johnson, Moderna, Oxford/AstraZeneca, Pfizer/BioNTech.