• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қыркүйек, 2021

Еуропадағы газ құны рекордтық деңгейге жетті

126 рет
көрсетілді

Еуропадағы газ бағасы тағы бір рекорд орнатты. Мың текше метр үшін газдың құны 800 доллардан асты, деп хабарлайды Egemen.kz The ICE биржасына сілтеме жасап.

ICE биржасының мәліметтеріне сәйкес, Нидерландыдағы TTF хабындағы қазан фьючерстерінің құны мың текше метр үшін 801,2 долларға жетті.

Сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуіне бірнеше себеп бар, солардың ішінде пандемиядан кейін жаһандық сұраныстың жандануы мен осы жылғы қыстағы күрт салқындау.

Мамандар алдағы қыс суық болса, газдың мың долларға дейін шарықтап кетуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.