15 қыркүйектен бастап қазақстандықтар үшін емханаларға еркін тіркелу жүргізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін елімізде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына азаматтардың еркін тіркелуі жүргізіледі.
Сонымен қатар, 15 қыркүйектен бастап халықтың денсаулығын қорғаудың маңызды процедурасы – тұмауға қарсы вакцинация науқаны да басталады.
«Халықты МСАК ұйымдарына тіркеу алгоритмі бойынша хабардар еткім келеді», деді Тимур Мұратов әкімдікте өткен брифинг барысында.
Оның айтуынша, жеке тұлғаларды МСАК ұйымдарына бекіту алғашқы буындағы медициналық көмек көрсету үшін негіз болып, келесі қағидаттарда жүзеге асырылады:
Отбасылық қызмет көрсету қағидаты; МСАК-тың аумақтық қолжетімділігі; МСАК-тың аумақтық қолжетімділігі шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау; Науқастың медициналық көмек сапасына қанағаттануы.