• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Хоккей 16 Қыркүйек, 2021

«Барыс» бүгін «Йокерит» командасымен кездеседі

308 рет
көрсетілді

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында Финляндияның «Йокерит» (Хельсинки) командасымен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу елорда уақытымен 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 13 мәрте шеберлік байқасты. Оның жетеуі «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Еске салсақ, турнирдің биылғы алғашқы екі ойынында елордада 3 қыркүйекте «Барыс» Ресейдің «Салават Юлаев» клубынан 1:5, «Металлург» (Магнитогорск) клубынан 1:2 есебімен жеңілді.

Одан кейін «Амур» (Хабаровск) командасынан 3:2 есебімен басым түсті. Төртінші ойынында ресейлік тағы бір клуб «Спартак» (Мәскеу) командасына 1:4 есебімен жол берді.