• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қыркүйек, 2021

Оралда орман маңынан әйелдің мүрдесі табылды

221 рет
көрсетілді

Оралда орман маңынан әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 15 қыркүйек күні қалаға қарасты Ветелки ауылында болған. Сағат 13.45-те орманға таяу жерден белгісіз әйелдің денесі табылды. Кім екендігін және өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.