Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 17 қыркүйектегі мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 7 228 047 адам салдырды, II компонентті 6 059 729 адам алды.
Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 922 556 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 821 717 адам екінші компонентін салдырған.
Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 824 620 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 642 284 адам 2-компонентін егілген.
Үшінші орында Алматы облысы – 725 430 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 606 788 адам екінші бөлігін қабылдаған.