Жасөспірім 16 қыркүйек күні Алатау ауданындағы №91 мектептен кешкі уақытта шығып кеткен.
«Үстінде қара футболка, қара джинсы, аяғында ақ түсті кроссовка, қолында рюкзак болған. Оның шашы қызғылт сары түске боялған, дене бітімі орташа. Бойы - 160-165 см», деп хабарлады еріктілер.
Полицияның мәліметінше, қыздың ата-анасы құзырлы органға түнде шағымданған.
«Қазіргі уақытта іздеу шаралары ұйымдастырылды. Мән-жай анықталып, қыздың жан-жағындағы адамдардан сұрастырып жатырмыз», деп атап өтті Алатау аудандық полиция басқармасы.