• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Білім 21 Қыркүйек, 2021

Мұғалімдер үшін «English Ауылда» бағдарламасы басталды

404 рет
көрсетілді

20 қыркүйектен бастап Қазақстанда «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге асырылған ауыл мектептерінде ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша «English Ауылда» бағдарламасы басталды, деп жазады Egemen.kz.

Бағдарлама «Jana Dunie» жеке қайырымдылық қорының қаражаты есебінен «Terenoi» онлайн-мектебімен бірлесіп қаржыландырылады. «Terenoi» біліктілікті арттыру курстары мұғалімдермен ағылшын тілін оқытудың инновациялық әдісімен бөліседі.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы осы жылдың ақпан айында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында басталды. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мұрындық болуымен жүзеге асырылуда.