Ұлыбритания мен ЕО елдері АҚШ-тың толық вакцинацияланған шетелдіктерге кіруге шектеулерді алып тастау туралы шешімін құптады, деп хабарлайды Egemen.kz Еuronews-ке сілтеме жасап.
«Қараша айының басында біз коронавирустың таралуын болдырмау үшін АҚШ-қа ұшатын жолаушыларға қатаң шаралар қолданамыз. Біздің басты талап - бізге келгендерді толығымен вакцинациялау керек», деді Ақ үйдің өкілі Джен Псаки.
Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсон твиттер парақшасында Вашингтонның шешімі бизнес пен сауданың өсуіне серпін береді деп жазды.