• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 21 Қыркүйек, 2021

Елімізде вакциналарды уақытша тіркеудің заңдылығы түсіндірілді

189 рет
көрсетілді

Қазнет қолданушылары біздің елімізде COVID-19-ға қарсы бірде-бір тіркелген вакцина жоқ деген хабар таратты. Олардың пікірінше, дәрі-дәрмектерді уақытша тіркеу заңсыз, өйткені ол Үкіметтің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен және ҚР Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы төтенше жағдай режимінде ғана әрекет еткен Жарлығының 1-тармағымен ғана рұқсат етіледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның түсіндірмесіне сәйкес, Қазақстандағы COVID-19-ға қарсы қолданылатын барлық вакциналар ресми түрде тіркелген. Бұл препараттарды уақытша тіркеу толығымен заңды және Мемлекет басшысының мүлдем басқа Жарлығына негізделген.

«COVID-19-ға қарсы вакциналарға уақытша мемлекеттік куәлікті ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасында өндірілген СOVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысының негізінде береді», деп хабарлады министрліктен.

Мамандар КВИ-ға қарсы иммундауға арналған препараттарды уақытша тіркеу 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте де көзделгенін түсіндірді. Тиісті нормалар 6-баптың 9-тармақшасында жазылған.

«ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 Қаулысы өз Күшін жойған жоқ, қаулыға соңғы өзгеріс 2021 жылғы 15 сәуірде енгізілді. Вакциналар, оның ішінде Қазақстанға әкелінетін вакциналардың әрбір сериясы сапа бағалауынан өтетінін атап өту қажет, оның нәтижелері бойынша өнімнің сәйкестік сертификаты беріледі. Сапаны бағалауды жүргізу кезінде өндірушіден алынған вакцинаның сапасын растайтын құжаттар, реттеуші органдар нарыққа серияларды шығару мақсатында сапаны бақылауды жүргізуге уәкілеттік берген зертхана сериясының сапа сертификаты мұқият зерделенеді», делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауабында.

Осылайша, Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакциналардың тіркелмегені туралы хабарлама - қауесет. Біздің елімізде COVID-19-ға қарсы иммундау препараттарын уақытша тіркеу толығымен заңды.