• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қыркүйек, 2021

Ираннан келген қандастар солтүстік өңірге қоныс аударды

622 рет
көрсетілді

Иран Ислам Республикасынан көліп келген 53 қандасымыз Солтүстік Қазақстан облысына қоныстандырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иранннан келген қандастарымызға Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне экскурсия өткізіліп, арнайы ас берілді. Ендіь олар мемлекет ұсынатын өңірлік квота аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныстанады.

Бұған дейін 14 қыркүйекте Қазақстанға қоныс аударушылардың алғашқы легі келген еді. Барлық 13 адам (3 отбасы) Солтүстік Қазақстан облысына орналастырылды.

Аталмыш көш ҚР Сыртқы істер министрлігі, Еліміздің Ирандағы Елшілігі және Горган қаласындағы Бас консулдығы мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар Қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асырылуда.