• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қыркүйек, 2021

Еліміздің машина жасау саласында 120 мың адам жұмыс істейді

313 рет
көрсетілді

Еліміздің машина жасау саласында 120 мың қазақстандық еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумында айтты.

«Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жылдарында салада 4 есе өсім байқалып, ең жоғары қарқын көрсетті. Өңдеуші өнеркәсіптегі саланың үлесі 9%-дан 14%-ға дейін артты. Салада 3 мыңнан астам кәсіпорын, оның ішінде 64 ірі, 102 орта және 3020 шағын компания жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындарда шамамен 120 мың адам жұмыспен қамтылған», деді вице-министр.

Сондай-ақ ол әсіресе атомобиль жасау саласында елеулі серпін болғанын еске салды.

«Саланың автомобиль жасау – өсім 40 есе, ауыл шаруашылығы машинасын жасау – өсім 12 есе, темір жол машинасын жасау – өсім 8 есе сияқты секторлары серпінді дамуда. Индустрияландыру картасы және өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау карталары шеңберінде 470 млрд теңгеге жуық сомаға 150-ден астам жоба іске қосылды. 16 мыңға жуық жұмыс орны құрылды», деді Марат Қарабаев.