8 айда машина жасауда өндіріс көлемі 1,4 трлн теңге болды. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушылар одағының (ҚМЖО) төрағасы Мейрам Пішембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«8 айда саладағы өндіріс көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 24% өсіп, 1,4 трлн теңге болды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш алғаш рет 2 трлн теңгеден асады деп болжап отырмыз», деді Мейрам Пішембаев Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының IX форумында.
Ауыл шаруашылығы машинасын жасауда өсім – 300%, темір жол – 45%, электротехника – 28%, тау-кен металлургиясы және мұнай-газда – 11% болды.
ҚМЖО дерегінше, бүгінде салада 3 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істейді. Онда 119 мыңнан аса адам жұмыс істеп жатыр.