• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2021

Ауғанстаннан келген қандастар Ақмолаға қоныстанды

297 рет
көрсетілді

Ауғанстаннан келген 35 этникалық қазақ Ақмола облысына қоныстанды, деп жазады Egemen.kz.

Ауғанстаннан оралған төрт отбасының біреуі - Көкшетау қаласына, қалғаны Атбасар, Бурабай, Сандықтау аудандарына қоныстанған.

«Ауғанстаннан елге көшірілген азаматтар түгелдей жұмыспен қамтылады. Ал балаларын жастарына қарай мектепке, балабақшаға орналастырамыз. Отбасының әрбір мүшесіне 204 мың теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек көрсету көзделген. 1 жылға дейін баспана жалдау, коммуналдық төлем үшін де 15-тен 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай қолдау қарастырылған», деді Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова.