Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA 250 Astana Open турнирін Қазақстанның танымал теннисшісі Зарина Диас жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы кездері елеулі табысымен жанкүйерлерді қуанта алмай жүрген Зарина Диас осы жарыста жасындай жарқырайды деп үміттенеміз. Әзірге бастамасы жаман емес. Бүгінгі таңда 106-орынды еншілеп отырған ол рейтингте өзінен әлдеқайда төмен тұрған ресейлік Анастасия Захароваға шаң қаптырып кетті. Шиеленісті өткен үш сеттік сайыста 7:6, 4:6, 7:5 есебімен Зарина Диас жеңіске жетті. Енді қазақ теннисшісі швециялық Ребекка Патерссонмен шеберлік сынасады.