• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қазан, 2021

Марал атқан браконьер ұсталды

357 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында марал атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кезекті рейд кезінде Көкпекті ауылдық округіндегі Толағай тауы тұсында кетіп бара жатқан көлік тоқтатылған. Тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан марал еті табылды. 

«9 қап ет, «Вепрь 308» маркалы карабин атыс қаруы, 10 оқ, маралдың 2 мүйізі, пышақ және балта тәркіленді. Ер адамның жабайы аңды атуға рұқсат қағазы болмаған», деп хабарлады ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының баспасөз қызметі.

Ауыл тұрғынын аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігіне (заңсыз аң аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері, «Охотзоопром» РМҚК өкілдері, ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары бірлескен рейд жүргізіп жатыр.