• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2010

CІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

639 рет
көрсетілді

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ ДЕ ТЕНДЕР ЖАРИЯЛАНДЫ Көп кешікпей көктемгі егіс жұмыстары басталмақ. Осы орайда астық өсірушілерге кедергі келтіретін жәйттер де жеткілікті. Соның бірі – шегіртке. Жолындағысын жайпап жүре беретін бұл жәндікке алыс-жақын шекара дегеніңіз түк те емес. Өңірдегі биылғы жағдай қалай, шегіртке бой бермей кетіп жүрмей ме? “Егемен Қазақстанның” Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі Темір Құсайын Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы өсімдік қорғау бөлімінің бастығы Файзолла Төлегеновке: – Сіз бұған не дейсіз? – Ақжайық аймағында кез­де­сетін шегірткелер негізінен үйірлі және саяқ болып екіге бө­лінеді. 2008 жылдан бері облыс аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарына, шабындық пен жайылымға шашетектен зиян келтіретін саяқ шегіртке көбейіп келеді. Өткен жылы күзде жүр­гізілген зерттеулер нәтижесінде биыл облыс бойынша саяқ ше­гірткелер көп жайлаған 62,5 мың гектер аумақты химиялық өң­деуден өткізу қажет болып тұр. Бұл үшін оған облыстық бюд­жеттен 30 миллион теңге бө­лін­ді. Осыған орай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы саяқ шегірткеге қарсы күрес шара­ла­рын алу үшін мемлекеттік сатып алу жөнінде тендер жариялады. Республикалық фитосани­тариялық зерттеу және болжау әдістемелік орталығы мемлекет­тік басқармасының облыстық бөлімшесі осы күндерде көктемгі зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Шалғайдағы Бөкей ордасы, Жа­ңақала аудандарында италиялық прус күбіршегі бір шаршы метр­ге 1-10 данамен “қоныстанып­ты”. Оның әр күбіршегінен кейін 22-25 жұмыртқа шығады. Ал шегірткенің үйірлі түріне кіретін азиялық нобайы Жаңа­қа­ла, Казталов аудандарында 1 шаршы метрге әрқайсысынан күні ертең 40-60 дернәсіп шығатын бір-екі күбіршектен келіп тұр. Шегіртке – күн қыза келе кө­бейетін жәндік. Осыған байланысты шегіртке жөніндегі мәлімет өзгеріп тұрады. Оның үстіне кейбір аудандарда биыл ылғал мол болды. Сондықтан шегірткенің көбейетін кезі әлі алда. Мұндай жағдайда қосымша күрес шаралары белгіленбек. ОРАЛ.