• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 06 Қазан, 2021

Зарина Диас АҚШ-тағы турнирге жолдама алды

164 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін аса ірі халықаралық турнирдің негізгі бөлігінде күш сынасу құрметіне ие болды, деп жазады Egemen.kz.

Әлемдік рейтингте 108-орында тұрған жерлесімізге осындай мүмкіндікке ие болу үшін іріктеу сынынан өтуге тура келді. Жартылай финалда Зарина жапониялық Куруми Нараны 6:4, 6:3 есебімен еш қиналмай жеңді. Финалда беларуссиялық Ольга Говорцовамен кездесті. Бұл бәсекеде де ол басымдық танытты – 6:3, 6:3. Нәтижесінде Зарина алдағы күндері осындай дүбірлі додада үздіктермен сайысқа түседі. 

Зарина Диастан бөлек, АҚШ-тағы турнирде Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Михаил Кукушкиннің де айтулы жарысқа қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін отандасымыз іріктеу турнирінің финалында америкалық Эрнесто Эскобедоны ұтуы керек.