Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Жаңа оқу жылының басталуына байланысты министрлік оқушылар арасында сырқаттанушылыққа күнделікті мониторинг жүргізуде. КВИ-дің 9 185 жағдайы тіркелді. Бұл оқушылардың жалпы санының 0,26 пайызын құрайды. 102 мыңнан астам байланыста болған адам анықталды, оның ішінде 624-і оң нәтижемен», деді министр.