• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Қазан, 2021

Қазақстандықтар қағаз ақшадан бас тартуда

260 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар 2021 жылдың 8 айында төлем карточкалары арқылы 56,3 трлн теңгеге 4 млрд операция жүргізді, бұл 2020 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден 2,2-ге, яғни 2 есе көп, деп жазады Egemen.kz  ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Төлем карточкалары арқылы жасалған 10 операцияның 9-ы қолма-қол ақшасыз орындалды. 2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары арқылы 43,2 трлн теңгеге 3,8 млрд қолма-қол ақшасыз операция жүргізілді, бұл 2020 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден тиісінше 2,4, және 2,3 есе асады.

Қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің жалпы құрылымында онлайн-операциялардың үлесі өскені байқалады. Осы жылдың қаңтар-тамыз аралығында қолма-қол ақшасыз операциялардың 67%-ы интернет арқылы немесе мобильді қосымшалар арқылы жүргізілді (2,5 млрд операция). Халықтың қолма-қол ақшасыз операциялары көлемінде онлайн-операциялар үлесі 83%-ға дейін өсіп, 35,9 трлн теңге болды.