Алматы қаласы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алған халық саны бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
2021 жылғы 11 қазанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 884 798 адам, 2-ші компонентін 6 942 756 адам салдырды.
Вакцинаның екі компонентін толық алған тұрғындар бойынша алдыңғы орында:
Алматы қаласы – 899 300 (10 қазандағы көрсекіш - 896 069); Түркістан облысы – 799 937 (791 298);
Алматы облысы – 691 518 (688 357);
Шығыс Қазақстан облысы – 658 004 (650 227);
Қарағанды облысы – 478 044 (476 691) орналасқан.