• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Қазан, 2021

Қазақстандағы вакцина қоры белгілі болды

295 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі уақытта республика бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауды ұйымдастыру және жүргізу жұмыстары жалғасуда. 2021 жылғы ақпаннан бастап өңірлерге 18,5 млн астам вакцина дозасы жеткізілді, оның ішінде І компонентке 9,4 млн доза және ІІ компонентке 9,1 млн доза вакцина бар. Әзірге республика бойынша бірінші компонентпен – 7 884 798 адам егілді, яғни тиісті контингенттің 79,1%-ы қамтылды, екінші компонентпен 6 942 756 адам (69,6%) вакциналанды», деп мәлімдеді Ержан Байтанаев.

Оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен халықты коронавирус инфекциясына қарсы иммундау жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеп, мақұлдады. Ол коронавирусқа қарсы вакциналауды ұйымдастыру, халықаралық тәжірибені зерделеу, профилактикалық екпелерді есепке алуды цифрландыру және халықпен вакцинаның маңызы туралы коммуникациялық жұмысты қамтиды.

«Кешенді жоспар Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 9 ақпандағы хаттамасымен бекітілген. Бүгінгі күні Кешенді жоспардың барлық тармақтары орындалды. КВИ-ға қарсы вакцинамен қамту бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 2-ші және әлемнің барлық елдері арасында 42-ші орында тұр. Қазақстанда 9,9 млн адамға бес түрлі вакцина дозалары қолжетімді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы инфекцияға қарсы жыл соңына дейін халықтың 40%-дан астамын және 2022 жылы 70%-ын вакцинамен қамтуды ұсынады», дейді Е.Байтанаев.